Обама Америка дағдарысты еңсерді деп мәлімдеді

Ақ үй басшысы баяндамасын бірден ел экономикасы қайта нығайған деген жағымды жаңалығымен бастаған. Яғни енді АҚШ-қа дағдарыстан төнер қауіп жоқ көрінеді. Сөзін биылдан бастап, әлеуметтік ахуалды жақсартумен дәлелдемек. Сондай-ақ, президент денсаулық сақтау, иммиграция және Ұлттық қауіпсіздік саласын қайта реформаламақ ниетте екен. Жолдаудың ауқымды бір бөлігін Обама АҚШ-пен араздасып жүрген елдерге де арнапты. Оған қарағанда, ресми Вашингтон барлығымен бейбіт келісім жасап көрмек екен. Әсіресе, Кубамен.

Барак Обама, АҚШ Президенті:

- Біз соңғы 10 жылдықта қарқынды экономикалық өсімге қол жеткіздік. Тапшылық үштен екі есеге төмендеді. Қаржы қоры екі есеге ұлғайды. Сондықтан енді АҚШ экономикасына дағдарыстан төнер қауіп жоқ.

Loading...