Онда банктер мен байларға салынатын салықты өсіріп, орта класқа жататын азаматтарға жеңілдіктер беретінін жарияламақ. Бұл туралы дүйсенбі күні The Wall Street Journal хабарлады.
Атап айтсақ, Ақ үй бала күтіміне және білім алу жөніндегі салықтық несие көлемін арттырып, зейнетақы бағдарламаларының қарапайым халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етпек.
Сонымен қатар, әкімшілік капитал өсіміне салынатын салық мөлшерлемесін қазіргі 23,8 пайыздан 28 пайызға дейін өсіріп, мұрагерлікке алынған мүлікке салық салу мәселесін қатаңдатуды көздеп отыр.
Алайда, Б.Обаманың ұсынысы негізінен республикашылдар бақылап отырған конгресс тарапынан қолдау табуы екіталай. Себебі, республикашылдар қай кезде де салықты көтеруге пқарсы ұстаным ұстанады.