Обама Эбола вирусына қарсы күресуге Африкаға үш мың әскер жібермек

Б.Обама Атлантада ауруды бақылау және профилактика орталықтарында болып, денсаулық сақтау саласының басшыларымен кездесіп, мәлімдеме жасайды. Бұл осымен 2400 адамның өмірін қиған вирусқа қарсы күреске әлем жұртшылығын жұмылдырады, деп АҚ үй хабарлады.

Пентагонның мәлімдеуінше, АҚШ Қорғаныс министрлігі әскери құрам жіберуге 500 млн $ бөледі. Бұл қаражат медициналық қызметкерлер құрамын оқытатын 17 орталық салуға жұмсалады.