Обама еуропалық көшбасшылармен Украинадағы ахуалды талқылайды


"Женевадағы келіссөздерден кейін бұл жағдайға қатысты менің түсінігімді қолдап отырғандарына көзімді жеткізу үшін жұмада кешке еуропалық елдердің басшыларымен сөйлесемін", деді АҚШ президенті Сеулде баспасөз мәслихатында.

"Алдында атап өткенімдей, бізде РФ-ға қатысты бірқатар қосымша нүктелік санкция дайын тұр, соларды талқылаймыз, өйткені Ресейдің Украинаға қатысты іс- әрекеттерінде елеулі өзгерістерді көріп отырғанымыз жоқ", деді Ақ үйдің басшысы.