Обама, Меркель, Путин Ақордаға телефон соқты


Алдымен Ақордамен Ақ үй байланысқа шықты. Назарбаев пен Обама Украинадағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуді қолдады. Тіпті АҚШ президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тараптарды татуластыруда белсенділік танытуды сұрап қолқа салған. Сондай-ақ, Қазақстан басшысы Германия канцлері Ангела Меркельмен де телефон арқылы сөйлесіп жанжалды  қарумен емес, дипломатиямен шешу керек деген тоқтамға келген. Осы тақырыпты Елбасы Ресей президенті Владимир Путинмен де талқылады. Назарбаев, алғаш рет Кремльдің «Украинадағы отандастарының тағдырына алаңдауы орынды» деп мәлімдеді. Бірақ, Ақорда дауды бейбіт жолмен шешуге тағы кеңес берді.