Обама Порошенконы Ақ үйге кездесуге шақырды

Обама Порошенкомен Украинаның шығысындағы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу мәселесін талқыламақ деп хабарланды.

Сондай-ақ АҚШ  егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау жолындағы күресте Украинаны қолдауын жалғастыратынын атап өтті.

Кеше АҚШ Президенті Барак Обама Ресейді Украина шығысында зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыптады.

БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин дағдарысты  «өз халқына қарсы соғыс жүргізіп жатқан Киевтің жауапсыз саясатының тікелей салдары» деп мәлімдеді.