Обама қызметінен кеткен соң Вашингтонда қалады

Бұл туралы Ақ үйдің басшысы Милуокиға сапары кезінде мәлімдеді, деп жазады utro.ru.

«Біз әлі шешкен жоқпыз. Саша (кіші қызы) білім алуын аяқтауы үшін тағы бір-екі жылға қалмақшымыз», - деді АҚШ президенті.

Обаманың бұған дейін оған қолжетімді медициналық қызмет көрсету туралы хат жазған төрт әйел мен ер адамды мейрамханалардың біріне түскі асқа шақырғаны атап өтіледі. Олар ауа райы және Орта Батыс туралы әңгімелескен.

АҚШ-тың жаңа президентін сайлау 8 қарашада өтеді.