Конгресс сайлауын мамандар аралық деп атайды. Себебі, ол ел президентінің қызмет мерзімінің орта тұсында өтеді. Бұған дейін екі палатадан тұратын Конгрессті қос партия бөліп алған болса, енді демократтар жоғарғы палатадағы орындарынан түгел айырылып қалды. Бұның басты себебі президенттің ұстанған саясатын жұрттың қолдамайтынында болуы мүмкін. CNN телекомпаниясы жүргізген сауалнама бойынша 10 адамның жетеуі Обаманы жақтамайды екен. Енді республикашылдар партиясы парламенттің екі палатасын да басқаратындықтан, Обаманың өз ұсыныстарын өткізуі қиынға соқпақ. Ал Конгрессті бақылауға алу үшін республикашылдарға небәрі 6 штатта жеңу жеткілікті болыпты.