Обама Трамптың АҚШ президенті болатындығына сенбейді


"Бұл жайында ойлаған да емеспін. Себебі ол Президент болып сайланады деп күтпеймін", - деді Обама.

Демократ Обама 2009 жылы бастаған АҚШ президенттігіне екінші және соңғы мерзімін пысықтауда.   Қазіргі уақытта демократиялық партиядан бұл лауазымға сенатор    Берни Сандерс және Обамамен 2009-13 жылдары жұмыс істеген АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон   үміткер. Миллиардер Трамп республикалықтар арасындан сайлауалды бәсекенің көшбасшысы саналады.