"Барлық әкімдерді тартып, олардың қатысу мәселесін шешу керек", - деп мәлімдеді К. Мәсімов.
"Мемлекет басшысы Астананың 10 жылдық мерей тойын өткізуге қатысты нақты тапсырма берді. Астананың 10 жылдығын өткізу, әйгілі әртістерді шақыру мәселесі емес, бұл Астананың дамуы арқылы мемлекетіміздің қуаттылығын көрсету", - деп атап өтті ол.
Астаны әкімі Асқар Мамин, үкімет отырысында хабарлағанындай, Астананың 10 жылдық мерей тойына арналған бірқатар көңіл көтеру шаралары ұйымдастырылады. Мысалы, 1-29 маусым аралығында облыс фестивальдерін өткізу жоспарланған. Мерекені өткізу күндерінде "Шашу" би фестивалін, үрлемелі аспаптар фестивалін, "Әлемдік сахна жұлдыздары" цирк өнерінің фестивалін, "Опералия" опера өнерінің халықаралық фестивалін өткізу жоспарланған.
Конкурдан Әлемдік кубоктың этаптары, ерлердің халықаралық теннис турнирі, әлемдегі жетекші құраманың қатысуымен футбол сайысы өткізіледі.
Астана күніне орайластырып бірқатар нысандардың ашылуы жоспарланған. Олардың қатарында Конгресс-холл ғимараты, жабық стадион, теннис стадионы, республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, республикалық диагностикалық орталық, жедел медициналық көмек ҒЗИ, халықаралық сауда орталығы, "Пекин-Палас" мейрамханасы, "Хан Шатыры" кешені бар.
Сонымен қатар бірнеше ғылыми конференциялар мен симпозиумдер өткізіледі.