Облыс әкімдері ауылдар мен кенттерге штаттық бірліктерді амалсыздан әрең беруде, дейді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.
«Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерге жүргізілген шектеу мақсатына қарамастан, қазіргі кезде облыстық деңгейде жергілікті атқару органдарының штаттық санын орталықтандыру байқалады. Облыстардың жергілікті атқару органдарының мәліметі негізінде анықталғандай, бүгінгі таңда барлығы 4 259 бірлік ауылдық деңгейге берілген, яғни 312 мақсатты штаттық бірлік ауылды округ, ауылдар, кенттердің әкім аппараттарын күшейтуге бағытталмаған», - деп ол бүгін Астанада үкімет отырысында мәлімдеді.
«Осылайша, жекелеген облыс әкімдері ауылдарда, кенттерде, ауыл округтерінде әкімдер аппаратын нығайту жөніндегі шараларды толық орындай қоймаған, бұл үкіметтің тиісті қаулысының орындалмағанын білдіреді», - дейді Е.Досаев.
Осы орайда ол үкімет басшысына қажетті штаттық санды мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз етуді облыс әкімдеріне тапсыру жөнінде ұсыныс жасады.