Әкім орынбасарының күй тартып тұрған видеосын облыстық "Жетісу" газетінің журналисі Мәулен Әнербаев өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
36 жастағы Жақсылық Омар Алматы облысы әкімінің орынбасары болып былтыр қараша айында тағайындалды.
2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.
2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде, 2007-2009 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ында, 2009 жылы «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-ында қызмет атқарған.
2009-2010 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.
2011-2013 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы.
2013 жылғы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.