Облыс басшысы тұрғындармен кездесуде су тасқынынан келген шығынды анықтайтын арнайы комиссия мен төтенше жағдайлар зардабын жою бағытында штаб жұмыс жасап жатқандығын айтты. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір жанның қамқорлықсыз қалмасын деп тапсырма бергендігін жеткізді.
«Тасқала ауданы бойынша үш ауылға су кіріп, бүлінгендерін айтпағанда, 71 үйді мүлдем жарамсыз етті. Қазір жергілікті комиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Шұғыл арады бұл жұмыс бітіп, апаттың зардабын жою ісі басталады. Бүгін жаңадан бой көтеретін үйлердің орнын қарадық. Үй салу мамыр айынан басталады. Ал су кіріп, үйлері бүлінген тұрғындар да көмектен тыс қалмайды. Бәрі де ескерілетін болады», деді әкім.
Б.Ізмұхамбетов одан кейін №20 кәсіптік лицейде болып, ондағы эвакуациялық қосынның жұмысымен танысты.