Облыстардың даму бюджеті республикалық бюджеттік комиссияның отырысында талқыланады

Оның айтуынша, бұл - "облыстардың даму бағдарламасындағы басымдықтарды ұдайы сақтай бермейтіндігімен тікелей байланысты" болмақ. Қ.Келімбетовтың айтуына қарағанда, мемлекет басшысының қатаң тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау мен білім беру саласын дамыту және "ауыз су" жөніндегі бағдарламаларға бірінші кезекте басымдық берілуі тиіс.

Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов, қазан айының орта шенінде өтетін республикалық бюджеттік комиссияның отырысында "ұлттық компаниялардың таяу мерзімге арналған даму жоспарын " талқылау межеленгенін хабарлады. "Бұл бас қосуда ұлттық компаниялардың құрылымын оңтайландыру мәселесіне баса назар аударылады",- деді Қ.Келімбетов.