Одессада киевтік билікті жақтаушылар шеруі тыныш аяқталды


«Интерфакс-Украина» агенттігінің тілшісі мәлімдегендей, шараға қатысушылар Куликов тұғырына Украина туын тікті.

Жексенбі күні кешкісін Одесса орталығына бірнеше мыңдаған майдандықтар жиналды. Олар қорғаныс киімдер киіп, қолдарына таяқ ұстаған.