«Одноклассники» желісінің басшысы қызметінен кетеді

Mail.ru өкілі Ксения Чабаненко газетке мәлімдегендей, 1 қазаннан бастап әлеуметтік желіні оның қазіргі техникалық директоры Антон Федчин басқарады. И.Широков "Одноклассники" желісінде жыл соңына дейін қалып, істі өткізіп береді. Онымен топтың басқа бағыттары бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланады.

И.Широков газетке растағандай, өзінің халықаралық жобаларына күш салуды жоспарлағандықтан желіден кетуді ұйғарған.