Office және Windows бағдарламаларының қазақша нұсқасы 2005-жылдың маусым айының басында Қазақстанға әкелінеді

"Қазіргі жағдаймен біз глоссарийге қатысты барлық проблемаларды шештік. Оған шамамен 4 мың термин қамтылды. Енді өнімді өндіріп, орап-шымқау мәселесі ғана қалып отыр",- деді А.Дәулетов. "Дайын өнім Ирландиядағы біздің зауыттан Қазақстанға мамыр айының аяғында тиеліп жіберіледі",- деді ол.

Office және Windows XP бағдарламаларының қазақша нұсқасын болашақ тұтынушылар туралы сөз қозғаған А.Дәулетов : "Microsoft компаниясы әзірге тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізген жоқ",- деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бірінші болып өнімді "үкімет, министрліктер және т.б. мекемелер" тұтынады.
Бұған дейін өнім 2004-жылдың күзінде дайын болады деп күтілген, алайда, қазақ тіліндегі терминдердің тізімі бекітілмеуге байланысты бағдарламалық қамтамасыздықты шығару мерзімі кейінге қалдырылды.
А.Дәулетовтың айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыруға бірнеше жүздеген мың доллар инвестиция жұмсалмақшы.