офицерді соққыға жыққан сержанттар сот алдында жауап береді - ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысындағы №63761 әскери бөлімшеде келісімшарт негізінде қызмет етіп жатқан төрт жауынгер командирді соққыға жыққаны үшін сот алдында жауап береді.


           ІІМ тергеу комитеті хабарлағандай, олардың үстінен Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша қозғалған қылмыстық і сотқа жөнелтілді.
           Іс материалдарына сүйенсек, биылғы жылы 24- «командир – аға лейтенанттың іс-әрекетіне көңілі толмаған» сержанттар оны шілдеде Арыс қаласындағы өзен жағасында соққыға жыққан. Содан соң олар командирді «Дэу» көлігімен далалыққа алып кетіп, тағы да ұрып-соққан көрінеді.