Өгей әкесі бар отбасыларды тексеретіні рас па

Белгілі болғандай, бұған дейін Бас прокуратура өгей әкесі бар отбасыларды тексеру туралы ұсыныс айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Тілшілер ведомство өкілінен ұсыныстың жүзеге асырылу-асырылмауы туралы сұрады.

Өгей әкелермен тұратын отбасыларды тексеру мәселесіне келсек, біз өзімізге түсетін әр ұсынысты жан-жақты қараймыз. Бізге дәл мұндай ұсыныс ресми түрде түскен жоқ, - деді Еділ Оспан.