Өгей қызын өлімші етіп сабап келген әйелге қатысты сот ісі басталды


Осыдан бір ай бұрын «Анамен бала орталығына» медициналық тексеруге әкелген 8 жастағы бүлдіршінді көрген дәрігерлердің төбе шашы тік тұрған болатын. Онсызда ВИЧ індетімен ауыратын қыздың денесі көгала қойдай көгеріп, дистрофия дертіне де шалдыққан. Бұл аз болғандай, сырқат қызды бірнеше сағат бойы хлор салынған ваннаға отырғызып, жазалапты. Сәби өзін өгей шешесі осындай жағдайға жеткізгенін жайып салды. Бір ай бойы психологтардың бақылауында болған қыздың жағдайы қалыпқа келе бастады. Ал, сотталушы әйел, қызымның есі дұрыс емес, ол өз-өзін қинайды деп кінәсін мойындамай отыр. Қазір оған қатысты 3 бірдей айып тағылды. Айта кетейік, күдікті әйел жәбірленушіден өзге тағы бір ВИЧ індетін жұқтырған қызды асырап отыр.