Оғыз деп алғаш ат қойылған балаға стипендия беріп, оқытамын - ұшақта қазақ тілі үшін шу шығарған Түркия азаматы

Енді Оғыз Доған Фейсбуктегі парақшасына ерекше бір жазба жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Ата-аналарға хабарландыру! "Оғыз" деп ат қойылатын алғашқы балаға өмір бойы стипендия беріп, өзім оқытатын боламын!" деп жазды ол.

Оғыз Доғанның Фейсбуктегі жазбасы

Бұл хабарландыруға біреулер шынымен де үміт артып қараса, енді біреулер түрік журналисінің мұнысына налып отыр. Олар мұндай мәлімдемені тым ерсі санайды.


Естеріңізге салсақ, кеше ғана Оғыз Доған қазақ тіліне қатысты даудан кейін “Эйр Астананың” күрт өзгергенін айтқан еді.