“Эйр Астана” әуе компаниясын қазақ тілінде қызмет көрсетпеді деп айыптаған Түркия азаматы Оғыз Доған бортсеріктердің тәртібін өзгерткендері жайлы жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Айттым ғой, біз жеңеміз ...Ұлы Даланың қаймағы бұзылмаған, тап-таза халқы жеңеді, деп бастаған ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында аталған әуе компаниясы туралы жазған Алма Сайлауқызының сөзін мысал етіп келтіріпті. Онда былай делінген:
"Бүгін отағасым Эйр Астанамен ұшқан. Кәдімгідей өзгеріс сезіледі, бәрі қазақша сайрап қоймапты…Бортсерік Таня деген қыз тіпті тек қазақша амандасып тұр дейді… не де болса, қоғамдық резонанстан соң, сең қозғалды деп болжауға негіз бар сияқты” .