"Оян қазақтың" тырнағына да татымайды": Ахмет Байтұрсынұлы туралы отандық фильм елдің жаппай сынына ұшырады

Айтуынша, фильмнің сәтсіз шығуына басты рольге таңдалған актер себеп болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы журналист өзінің Facebook-тегі парақшасында айтты.

"Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмге қанша млн бөлініп еді? 700-800 млн (бір киноға осы көлемде қаржы бөлінетіні туралы кесте тарап еді)?

Бүгін Астанада тұсау кесері болды. Барған журналистер “Оян қазақтың” тырнағына да татымайды деп жатыр. Басты рөлге актер сәтсіз таңдалған дейді. Азамат Сатыбалды ойнаған екен", - деп жазды ол.