«Ойбай шоудың жүргiзушiсiн көрсеңдер жөнге салыңдаршы»: Нұрболхан енді Мұхит Сапарбаевқа шүйлікті

Әсіресе, блогер әртістермен сүйісіп, олардың іш киімдерінің бағасын сұрайтын ұятсыз жүргізушіні жөнге салу керек деп есептейді.Бұл жайлы sn.kz жазды. 

«Бiреудiң қиын тағдыры - бiреулер үшiн рейтинг болған кезең! Қазiргi кейбір жүргiзушiсымақ журналистерге қатысты айтамын. Өзгенi қайтесiңдер, өздерiңнiң арттарыңа бiр үңiлсеңдершi дим да, жаңағы... Өзiңдi түзеп, жоғыңды түгендеп барып өзгенiң өмiрiне сұқсайшы қолыңды,. И то қақың жоқ! Чисто өз ойым бұл.

Анау, Ойбай шоудың жүргiзушiсiн көрсеңдер жөнге салыңдаршы, Алматының намыстылары!»,-деген әзілкеш жігіт хайп үшін өнер иелерінің жеке өміріне қол сұққан тележүргізуші Мұхит Сапарбаевты қатаң сынға алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрболхан есімді жігіт «Өз ойым» бағдарламасында пәктігін 2 миллион теңгеге саудалаған
бойжеткеннің рөл ойнағанын
айтып, бағдарламаның өтірігін ашқан болатын. Ал, ток-шоудың продюсері Жангелді Таңатбекұлы пәктігін саудалаған бойжеткеннің шындығын әшкере еткен әзілкешті видео-батлға шақырды. Кейін Нұрболхан Instagram-парақшасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызын аталмыш бағдарлама продюсерінің артына тығылмай, ашық сөйлесуге шақырды.