Қазіргі уақытта теңіз акваториясы өзге кемелердің көмегімен тексерілуде. Оларға әуеден құтқару қызметінің тікұшағы қосылған. Суық суда ұзақ уақытқа қалып қойған адамдардың тірі қалуы екіталай. Дегенмен мың жарым адам жұмылдырылған іздестіру жұмыстары күн батқанша жалғаспақ. «Дальний Восток» балықшылар траулерінде ресейліктерден өзге Латвия, Бирма, Вануату және Украина азаматтары болған. Анықталғандай су түбіне кеткен траулер 3-ші қаңтар күні Владивосток портынан шығыпты. Сол кездегі тексеру барысында ешбір техникалық ақау табылмаған екен. Ал апат себептеріне байланысты бірнеше нұсқа айтылуда. Оның бірі кеме алып мұзбен соқтығысуы мүмкін.
Loading...