"Мемлекет басшысы бірінші жоспарға әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесін, инновациялық дамуға көмек көрсету, сыбайлас жемқорлықпен күрес, жастар арасында отаншылыдық тәрбие беру және талантты жастарды мемлекет басқаруға дайындау мәселелерін қойды. Жоғарғы өкілетті биліктің күші осы міндеттердің барлығын жүзеге асыруда қомақты үлес қосады",- деп мәлім етті Қ. Тоқаев.
Ол, үстіміздегі жылы парламент депутаттарының алдында "президенттің бастамасы бойынша көтерілген реформаларды заңды тұрғыдан қамтамасыз ету" күтіп тұр деп атап көрсетті.
"Үстіміздегі жылы үкіметтің бастамасымен көтерілген 60 заң жобасын пысықтауға қатысты жұмыстарды жалғастыру қажет, сондай-ақ конституциялық қайта құруды жүзеге асыру жөніндегі құжаттардың келіп түсуі күтілуде",- деді сенат төрағасы.