Оксана Назарова мен Светлана Германович Гуанчжоудағы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Оксана Назарова мен Светлана Германович ескек есу сайысы бойынша қытайлық спортшылардан кейін екінші орынды еншіледі.

Жүлделік есеп бойынша Қазақстан 7-ші орында тұр. Ел құрамасының қоржынында 4 алтын, 8 күміс және 15 қола, барлығы 27 жүлде бар. Қытай 213 медаль, соның ішінде 116 алтын медальға ие бола отырып, алда келеді. Оңтүстік Корея (112-37) мен Жапония (117-22) елдері сәйкесінше екінші және үшінші орында.