Оқушылар мен туристерге жасалған шабуылдар: Қазақстанда кімдерге қару ұстауға рұқсат етілген?

Соңғы аптада әлемнің бірнеше елінде болған қарулы шабуылдар қоғамды дүр сілкіндірді. Қаскөйлердің нысанына бейкүнә оқушылар мен демалуға келген туристер түскен. Қаза тапқандар да бар. Бұл жағдай қауіпсіздік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды. Қару ұстап, беймезгіл уақытта көшеде жүру қаншалықты дұрыс? Ол қалай реттеледі? Қазақстанда қаруға қолжетімділік бар ма? Осы сұрақтарға Caravan.kz медиа порталының тілшісі жауап іздеп көрді.

Мектепке жасалған қанды шабуыл

15 сәуір күні Түркияның Кахраманмараш қаласындағы мектепте болған атыс бүкіл елді дүр сілкіндірді. Сегізінші сынып оқушысы сыныптастары мен мұғалімдерге оқ атқан. Билік мәліметінше, қаза болғандардың сегізі – оқушы, бірі – педагог. Тағы 13 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, олардың алтауының жағдайы өте ауыр. Атыс екі сыныпта болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жасөспірім мектепке бес бірлік қару мен жеті оқжатар алып келген. Қару оның бұрынғы полиция қызметкері болған әкесіне тиесілі екені анықталған. Әкесі ұсталды, ал күдікті оқиға орнында жойылған. Оқиғаның себептері әзірге анықталған жоқ.

Бір күн бұрын, 14 сәуірде, Түркияның оңтүстігіндегі Шанлыурфа провинциясының Сиверек қаласында Анадолы кәсіптік-техникалық орта мектебіне де шабуыл жасалды. Sabah және NTV агенттіктерінің мәліметінше, оқиға салдарынан кемінде 18 адам зардап шеккен, олардың ішінде 12 оқушы және екі мұғалім бар. Шабуыл жасаған жас жігіт осы оқу орнының бұрынғы студенті, ол полициядан қашу кезінде өз-өзіне қол жұмсаған.

Түркия билігі мұндай жағдайлар елде сирек болатынын атап өтті. Екі күн қатарынан болған бұл оқиғалар Түркия қоғамында үлкен алаңдаушылық туғызды. Сарапшылар мектептердегі қауіпсіздік шараларын күшейту, жастар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және психологиялық қолдау жүйесін жетілдіру қажеттігін айтуда.

Туристерге жасалған қанды шабуыл

20 сәуір күні Мексика аумағындағы ең танымал тарихи орындардың бірі саналатын Теотиуакан пирамидалары маңында қарулы шабуыл болды. Белгісіз ер адам туристерге оқ жаудырып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға салдарынан Канада азаматы қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум бұл істі жан-жақты тергеуді тапсырды. Сонымен қатар зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары қолға алынған.

Бұл оқиға алдағы ірі халықаралық шара аясында ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Алдағы уақытта ел Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайды. Миллиондаған турист келетін кезеңде қауіпсіздік мәселесі басты назарда болмақ.

Қазақстанда қару ұстау қалай реттеледі?

Елімізде қаруға қолжетімділік шектеулі. Кез келген адам қару ұстай алмайды. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау туралы» заңның 5-бабына сәйкес, азаматтарға өзін-өзі қорғау мақсатында қарудың үш санатына рұқсат етіледі:

2025 жылғы 1 тамыздан бастап Ішкі істер министрлігі азаматтық және қызметтік қарудың айналымы ережелеріне өзгерістер енгізген. Жаңа бұйрыққа сәйкес, кейбір қару түрлерін рұқсатсыз сатып алуға болады, бірақ белгілі бір талаптар сақталған жағдайда.

Рұқсатсыз қару сатып алу

Енді 18 жастан асқан азаматтар дүмінің энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қару түрлері мен сигналдық қару түрлерін арнайы рұқсатсыз сатып ала алады. Алайда сатып алушы келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

Сонымен қатар, сигналдық қару иесі оны сатып алғаннан кейін 7 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркеуге міндетті.

Кімдерге анықтамасыз рұқсат етіледі?

Қарулы күштер қызметкерлері (резервтегілерден басқа), арнайы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері (өрт сөндіру қызметін қоспағанда) тиісті қызметтік құжаттарды көрсеткен жағдайда, жоғарыда аталған анықтамалардысыз қару сатып ала алады.

Газ баллондарын сату

Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттар қолданылатын құралдар (механикалық бүріккіштер, аэрозоль баллондар және т.б.) арнайы рұқсатсыз сатылуы мүмкін, бірақ сатып алушы міндетті түрде нұсқаулықтан өтіп, арнайы есеп журналында қол қоюы тиіс.

Охолощендік қару

Бұл қару тек келесі тұлғаларға қолжетімді:

Медициналық анықтамасыз рұқсат алу

Әскери қызметшілер мен арнаулы атағы бар қызметкерлер азаматтық қару сатып алуға арналған рұқсатты медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы анықтамасыз ала алады.

Мемлекеттік қызметтер саласындағы өзгерістер

ІІМ-нің 2020 жылғы 27 наурыздағы қару мен пиротехникалық бұйымдар айналымы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін бұйрығына да түзетулер енгізілді. Енді барлық қызметтер электрондық (жартылай автоматтандырылған) форматта көрсетіледі.

Өзгерістер келесі қызмет түрлеріне қатысты:

Сондай-ақ азаматтардан өтініш қабылдау кезінде талап етілетін құжаттар тізімі нақтыланды:

Спортшылар, аңшылар, туристер мен шетел азаматтары үшін жеке талаптар мен құжаттардың расталған электрондық көшірмелері көзделген (спорт федерацияларынан анықтамалар, дипломатиялық өкілдіктердің өтініштері және т.б.).

Сондай-ақ ІІМ-нің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі рұқсат талаптары мен құжаттар тізімін бекітетін бұйрығына өзгерістер енгізілді: