"Оқушыларды құрбан қылып, ақша табатын саудагерлердің көзін құрту керек": Журналист министр Сүлейменоваға үндеу жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист мектеп маңында саудаланатын түрлі тәттілерге тыйым салу қажеттігін айтты.

"Құрметті, министр Жұлдыз Сүлейменоваға! Мектеп айналасына үймелеп орналасып, балалардың денсаулығына зиянды тәттілерді сататын дүкендерге заңмен тыйым салу керек. Оқушыларды құрбан қылып, ақша табатын саудагерлердің көзін құрту керек! Қоғам осындайдан бұзылады.

Бала өзіне зиянды екенін білмейді. Оқушы ортасына қарай ойысады. Көпке ілеседі. Қытайдың түсініксіз сусындарын түбегейлі жою керек. Түрлу ауру тудыратындарды көз алдына жалтыратып тізіп қойып, біздің кінәміз жоқ деген болмайды. Қоғам болып талап ету керек", - деп жазды ол.