"Ол кісі мен әлі күнге дейін сыйлайды": Индира Расылхан бұрынғы енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Индира Расылхан тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерге “менің жолымды берсін” деп тілек тіледі. 

“Келін мен ене мәселесінде менің жолымды берсін деп айтқым келеді. Ол жағынан менің жолым болды. Біз мамам (енем) екеуіміз әлі күнге дейін бір-бірімізді жақсы көреміз. Енеммен қарым-қатынасым өте жақсы. Өмірімде бірде-бір рет ренжісіп, сөзге келіп, артық сөз айтып көрмеппіз. Ол кісі мені әлі күнге дейін сыйлайды, мен де ол кісіні жақсы көремін. Сіздерге сондай жақсы қарым-қатынас тілеймін. Әлі күнге дейін бір-бірімізбен араласып тұрамыз. Менің енем алтын кісі ғой. Алла ғұмырын ұзақ етсін”, – дейді Индира Расылхан.