Бұл туралы Caravan.Kz порталы хабарлайды.
Сиви Махмуди өз инстаграм парақшасында жазба жариялады.
"Қайырлы кеш инста достар!
Соңғы кездері Ақбота ханым екеуміздің арамыздағы түсінбеушілікті сіздер түсінбей жүрген боларсыздар, әрине басында өзім де түсінбей жүрдім ол кісінің маған не үшін өкпелі екенін, осы ұзату тойдағы орындаған әнім Ақбота екеуміздің арамыздағы түсінбеушілікке қатысы бар деп ойлаймын, енді калай болғанына нақтырақ тоқтала кетейін.
Акбота ханымның жақын құрбысы қызын ұзатпақшы болып мені қызын ұзатсын деп шакырады.
Ол ұзатуда мен Қазактың қызына қайран қалам атты әнді орындағым келіп, алдын ала Ақбота ханымның алдынан өтіп руксатын алған болатынмын, әрине ол баршасы орындап жүрген Рамазан Таймановтын әні, үнемі Ақбота ханым орындап жүргендіктен бір ауыз рұқсат сұрадым, әрине орындай бер деп ол кісі келісімін берген болатын.
Сол күнгң ұзату тойға қонақ болып Ақбота ханымның өзі келеді, менің орындағанымды көреді де маған деген кішкене ренішін білдіреді, ол не реніш деп ойлайсыздар?
Әрине тойга асығыс шығу салдарынан мен өзіме арнап арнайы аранжировка жасатып үлгермедім де сол кісінің аранжировкасымен шықтым, соган ол кісі ренішін білдірді.
Бұл жерде ол кісі түсіністікпен қараса да болатын еді деп ойлаймын, арамыздағы барлық жағдайдың мән жайы осы.
Жалпы өзім үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету дегенді жақсы білетін жанмын, ол кісінің алдын орайын деген еш
ниетім де ойым да болған емес." - деп оқырмандарына мән жайды түсіндіріп берді.