Caravan Logo

"Ол күн де алыс емес": Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

"Ол күн де алыс емес": Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі Instagram желісінің stories бөлімінде оқырманының "Тұрмысқа шығып ана болу ойыңызда бар ма?" деген сұрағына жауап берген.

"Ойда бар. Тек ғана сүюден бөлек, шабыт беретін, сөндірмей, қайта биікке көтеретін, мықты, өзіне сенімді адам маңызды екенін өмір үйретіп жатыр. Ең бастысы - маған не керек екенін енді жақсы түсінем. Қалай сүйілсем солай сүюге дайынмын. Мүмкін ол күндер де алыс емес", - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, әнші көп қыздар тұрмыс құрғаннан кейін өзін "жоғалтып" алатынын жазды.

"90% қыздарда болатын нәрсе. Неге өзімізді жоғалтамыз. О бастан іштегі қалауымызды айтып, жасап, шекарамызды қоя алмаймыз. Жалтақтаймыз, көңілге қараймыз. Иә, иә деп көніп, соңында өзімізге не керегін ұмытып, өзімізді жоғалтамыз. Батылдық жетіспейді. Қазақша менталитеттіміздің қиыны осы. Адамды жоғалтып алудан қорқып, манипуляцияның құрбаны боламыз. Әйелдің қандай күйде болуы еріне байланысты. Күйеуің шектеу қоймай, миыңды ашытпаса, проблема өзіңде. Үйлесім табу керек", - дейді ол.