Ол бұл туралы желідегі парақшасында баяндады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Міндетті түрде күніне бір адам Жанат Бақыт туралы не ойлайсың деп сұрайтын болған. Менің ойымша ол туралы бірдеңе деп айту артық сияқты. Өйткені дені дұрыс адам дені дұрыс емес әңгіменің иісін баяғыда біліп қойды.
Мына регрессологтың аудиториясы үлкен болып содан шу болып тұр. Ешкімді жақтап тұрған жоқпын. Айтайын дегенім өзімізде сигнал көргіш, белгі естігіш қасиетіміз болып жүріп біреуге күлуіміз дұрыс емес.
Көп адамдар шизофрения деп жатыр ғой. Ол шизофрения емес. Өйткені шизофрения ең алғашқы белгілері жасөспірім кезде көрініп, 25 жасқа дейін көрініп болады. Мүмкін бизнес план ба? Білмейміз ғой біз", - дейді маман.
Айта өтейік, Жанат Бақыт "Рухтармен, періштелермен сөйлесемін", деп регрессология атты Батыстан келген әлдебір ілімді насихаттап жүріп басы дауға қалды. Оның "Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ. Қасиеті қалмады, Алланы босатыңыздар, енді мешіттер болмайды" деген сынды сөздері ислам дін өкілдерінің әбден ашуын тудырды. Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы тіпті желіде арнайы тікелей эфир өткізіп оны жын сөйлетіп жатқанын айтып "оқыту керек" деген пікір білдірген еді.