Оның сөзінше, уақытылы шара қабылданбай, елдегі діни ахуал өрши түспек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі жеке парақшасында мәлім етті.
«Қостанай облысының мұсылмандары» атынан 500 адам президенттен сауда орталықтары мен интернет алаңдарға жұма сайын болатын, дәстүрлі науқандардан бас тартуды сұраған. Былтырғы жылы олар жұманы «Қара жұма» деп атауға қол жеткізген болатын, сол кезде әкімдік «діндегілерді ренжітпесін» деп, аталған «жұмадан» бас тартқан еді. Биылғы жылы радикалдар тағы талап қойып отыр.
Олар ешқашан тоқтамайды! Міне сіздерге айтарым. «Қостанай мұсылмандарының» жаңа талабы діни қауымдастық үнемі «сұрай беретінін» көрсетеді. Олардың діні солай - олар үнемі жаулап алуды, өз аумағын кеңейтуді талап етеді... олардың мақсаты Хилафат. Бәрі дұрыс, себебі олардың кітабында солай жазылған.
Негізінде радикалды дінді ұстанатындарға бәрін рұқсат берсе болғаны, олар мектепте намаз оқып, балаларды жауып тастауға, бір уақытта төрт әйел алуды, өздері не қаласа, соны істеуді көздейді.
Басып алу ұйымдасқан әрі нақты түрде іске асырылып жатыр. Сіз олардың орта ғасырларда қалып кеткен кез келген «дұрыс емес» әрекетін қолдауға әзірсіз бе? Олар сізге де бір күні жетіп келеді. Және олар Қасиетті жұманы құрмет етуге үйретеді», - деді журналист.