Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Мөлдір Мұқан өз ойын желідегі парақшасында білдірді.
"Әкелер, ақ некемен дүниеге келген ұл-қыздарыңды тастамаңдар. Олар өмірге келгеніне кінәлі емес. Тастағандар Алланың аманаттарына қиянат жасағандар. Үлкен күнә...", - деп жазды ол.
Айта кетейік, жыл басынан бері өнерлі отбасының ажырасуы туралы ақпарат көпшілікті дүр сілкіндірген еді. Мөлдір Мұқанова алғаш рет көптің алдына шығып, жайдарманшы Тұрсынбек Қабатовпен ажырасып кеткендерін мойындаған болатын. Сондай-ақ, оның балаларымен жөнді араласпайтынын жеткізген еді. Артынша Қабатов бұл ақпаратты жоққа шығарып, қыздарымен араласатынын айтқан. Бүгінде әзілкеш екінші әйелі және балаларымен тұрып жатыр. Көпшілік оны әлі де қатаң сынның астына алады.