Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Байжановтың сөздері жұрттың аяушылығы мен жанашырлығын оятуы мүмкін. Бірақ мен алданбауларыңызды сұраймын. Олар бірге қылмыс жасап, Салтанатты өлтірді. Сол сәтте Салтанаттың жан тапсырғанын біле тұра, суық денесіне өтірік реанимациялық процедуралар жасады. Бұл – оның денесін мазақ қылу.
Жедел жәрдем диспетчерімен сөйлескен жазбаларды тыңдағанда, ең әуелі оның мәйітін келеке еткені үшін ашуландым. Бұл ешқандай көмектесуге бағытталған әрекет емес", – деді сот отырысында марқұмның ағасы.
Айта кетейік, 2 мамыр күнгі сот отырысында сөз алған Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы неліктен өлтіргені жайлы өз нұсқасын айтты.
Сондай-ақ Бишімбаевтың 29 сәуір күнгі сотқа келмей қалуына байланысты ІІМ тексеріс жүргізіп жатыр.