Қос қыздың әкесі елге өз шындығын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Дубайдағы қазақ қыздарының өлімі: отбасы не дейді?
Марқұмдардың әкесі қыздарының өлімі туралы тек бір аптадан кейін естігендерін айтады.
"Пәтерден екеуінің денесі табылды. Күдікті адам ұсталынды деді. Ол не болды, қалай болды? Мен айтамын, олар жас бала, кішкентай қыздар. Олар сонша не істеді?
Ұл балалар болса түсінетін едім, төбелеседі дегендей. Олар сонша не істеді? Неге бізге ертерек хабарламады? Соны білгім келеді", - дейді қыздардың әкесі.
Қыздардың соңғы хабарламасы: онда не айтылған?
Сондай-ақ, қыздардың әпкесі бұған дейін олар ешкімге шағымданбағанын, "бәрі жақсы деп" хабарлама жібергенін айтады.
"Анамызға дыбыстық хабарлама жіберген. Онда бәрі жақсы, уайымдамаңыздар" деп айтқан. Сондай-ақ, марқұмдардың әпкесі қыздар саяси жағдайға байланысты желтоқсанда елге қайтқылары келгенін, алайда қайта алмағанын айтады.
Жұмбақ өлім: жұрт пікірі қандай?
Көпшілік қыздарды шетелге жібермеу керектігін, оның қауіпті екенін желіде жарыса жазып жатыр. \