"Оларды тірі күйінде таппайтын шығар": Сарапшы тау басында қалған алматылық альпинистер туралы

Бұл пікірді украиналық альпинист Сергей Храпко айтты, деп хабарлайдыАстана арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше мәрте шыңды бағындырған украиналық альпинистің айтуынша, оларды тірідей табу мүмкіндігі аз.

«Осы тауда қиыншылыққа тап болған адамдар, егер олар қажеттінің бәрін - шатырлар, оттықтар, жылы киімдерден айырылса, аман қалу мүмкіндігі өте аз», - деді Храпко.


Сарапшының пікірінше, Жеңіс шыңы - ТМД елдеріндегі ең қиыны. Соңғы 50 жылда мұнда 70 адам қайтыс болды.