Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ирина Советжанқызының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бүгін өз-өзін өртеп жібермек болған әйелдің қасында болғандар қамауға алыныпты. Олар Mudarabah Капитал қаржы пирамидасына алданғандар болатын. Алматы полициясының іс жүргізуіне көңілі толмай, ІІМ алдында наразылық шарасын өткізген", деп жазды.
"Адамда қанағат болу керек. Қанағат қарын тойдырады. Қанағатсыздық адамды тоздырады деген. Қолында барына қанағат еткен дұрыс деп ойлаймын. Мен өзімде қаржы пирамидасына бір рет алданғам, аузы күйген үрлеп ішеді дегендей қазір ондай нәрсеге мүлдем сенбеймін.Қаржы пирамидасын бастығы және соңдағы істейтіндерді түгел ұстап 20-жылдан соттау керек. Қалған алаяқтарға сабақ болар еді", "Өздері кінәлі. Ешкім оларды мәжбүрлеп ақшасын тартып алған жоқ", "Ешкім мәжбүрлеп ақша салдырған жоқ. Өз еріктерімен беріп алданып қалды. Санасыздықтан сарсаңға түсті. Енді келіп неменеге созаңдайды екен?! Бармағыңды тісте де отыр, артты қысып", деп жазды оқырмандар.