Олег Болякин «Казцинк-Торпедо» хоккей клубының бас жаттықтырушысы болды


Жаңа бас жаттықтырушының тағайындалуымен, клубта кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Бұрындары шеберлер командасын басқарған Владимир Беляев «Казцинк-Торпедо - 2» командасының бас жаттықтырушысы қызметіне ауысты. Биылғы маусымның басынан бері «торпедолықтардың» бас жаттықтырушысы міндетін уақытша атқарып жүрген Владимир Стрельчук өзінің бұрынғы қатардағы жаттықтырушылық қызметіне қайта оралды.