Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден финалға өте алмады және бірінші рет олимпиадалық медальсыз қалды, - деп хабарлайды Caravan.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол үш қарғып секіруде 13,69 метр көрсеткішке жеттіі, бірақ үздік 12 -ге кіре алмады.
Еске салайық, Рыпакова 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы атанды. 2008 жылы Бейжіңде ол күміс, ал Рио -2016 -да қола жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, Мария Овчинникова мен Ирина Эктова финалға шыға алмады. Овчинникова өзінің ең жақсы талпынысында 13,34 метрге, ал Эктоваға - 12.90.