Олар төрт күн бойы табытта жатып, жер қойнына тапсырылмаған сегіз айлық баланың отбасын келіп, жантүршігерлік жайттарды анықтады, деп хабарлайды Диапазон басылымына сілтеме жасаған Caravan.kz.
Басылымның хабарлауынша, Zello Poisk волонтерлері Ақтөбеде ішімдікке салынан отбасында шиеттей балалар тәрбиеленіп жатқанын білген. Төрт жасар үлкен ұл мен сегіз айлық сәби үнемі қараусыз қалып, аш-жалаңаш жүретін көрінеді.
«Біз оқиға орнына келіп, шошыдық. Балалардың ата-анасы мен, ата-әжесі удай мас, олар бізге күрекпен шабуылдады. Біз полиция мен жедел-жәрдем, қорғау органдарын шақырдық. Сөйтсек олар бұл отбасыға осымен бірнеше рет келіпті. Балаларды олардың көршілері үнемі тамақтандырып жүріпті. Балалардың аштан қатқаны соншалық, сондай арық, көздерінің асты көгеріп кеткен еді. Анасының айтуынша сегіз айлық сәби жасанды сүтті ішпейді екен, сөйтіп олар оған қант қосылған, құр су беріпті», - дейді қоғам белсендісіЕкатерина Голотина.
Сол жолы біз оларды «Үміт» балалар үйіне тапсырдық. Бірақ олар ол жақта көп болмапты. Волонтерлердің сөзінше балаларды қайтадан отбасына қайтарып, маскүнем отбасы тұрып жатқан жерлерінен, басқа жаққа көшкен. Сөйтіп волонтерлер олардың нақты қайда екенін білмеген.
«Біз жақында балалардың кішкентай қайтыс болғанын естідік. Мекенжайларын тауып, бардық. Көргеніміз тағы да адам шошырлық жағдай болды. Анасының айтуынша, бала шамамен пневмониядан шетінеп кеткен. Оның табыты тіпті үйде, бөлменің ортасында тұрды. Төрт жастағы аш қалған ағасы қатты, еңіреп жылады. Біз оны үйінен әкете бастағанда, ол кішкентай інісін де оятып, бірге алып кетуімізді сұрады. Мұны көрген біз жүрегіміз қарс айырылып, көз жасымызға ерік бердік. Көлікте бала ашыққаны сонша, бізден тамақ сұрай бастады. Мен құзырлы органдардың бұған дейін қайда қарап отырғандарын, балаларды осы отбасына қайта бермей, балалар үйіне бермесе, бәлкім мұндай жайт орын алмас па еді?», ― дейді Екатерина.
Волонтерлердің сөзінше маскүнем отбасы тіпті кішкентай сәбиді жер қойнына тапсыруға асықпаған.
«Біз қазан айынан бастап, жағдайдың осылай боларын біліп, қанша рет құзырлы органдарға ескерттік қой? Балалар мына заманда осылай қараусыз қалғандықтан, аштықтан өлмеу үшін, енді қайда баруымыз керек? Оларды әке-шешесіне қайтып берді ме, өмірлері не болып жатқанын бәрін бақылауы керек еді ғой? Енді бәрі кеш», - дейді белсенді волонтер.
Аталған жайтқа қатысты қорғау органдарының өкілі Мира Нурғалиеваның айтуынша, олар шынымен өткен жылдың 14 қазанында балаларды «Үміт» балалар үйіне берген екен. Бірақ балалардың әкесі құзырлы мекемеге келіп, арыз жазып, балаларды қайтарып алған көрінеді.
«Осы жайт орын алғаннан кейін, 25 ақпанда 2018 жылы туған бала №3 полиция бөлімімен «Аяла» балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Балалардың әке-шешесін ата-ана құқығынан айыру арнайы комиссия отырысында қаралатын болады», - деді ол.