Өлген иті үшін Сапарбаевтың өзі басу айтқан Жанна Папина қаңтарда қамалғандар туралы не айтып жүр?

Атышулы Папина туралы Caravan.kz  медиа порталы зерттеп көрді. 

Персик атты иті өлген Жанна Папина Жамбыл облысында блогер әрі қоғам белсендісі ретінде танымал көрінеді. Дегенмен  оның желідегі парақшасын ақтарып отырып иттер туралы жазбаларынан басқа қоғамдық істерге араласып, белсенділік танытып жүрген қандай да бір әрекеттерін байқай алмадық. 

Дегенмен Жанна Папинаның кейбір жазбалары елең еткізді. Мәселен,  желіде оның қаңтар қырғыны кезінде қамалғандар туралы жазбасы елдің ашуына тиген. 

Facebook желісінде Баубек Аташ есімді белсенді әйгілі Жанна Папинаның жазбасына шүйлігіп былай депті. 

"Сол тағы жеміс... Дәлірек айтсақ, шабдалы Жанна Папина болып шықты. Кеше өлтірілген итіне бәріміз жанашыр болған блогер де осы. Ал бұл жағдайға тіпті облыс әкімін де тарта білген. Біз оны тіпті мақтадық. Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған ұлдар туралы ол былай деп жазады.
Оның айтуынша, олар қылмыс жасағандықтан, ол оларды мүлдем аямайды екен.

Бірақ ол жазықсыз өлтірілген Шабдалы (Персик) үшін қатты өкінеді. Кеше біздің елде адам өмірінен гөрі иттің өмірі қымбат деген банальды жазғым келмеді.Бүгін мен жазамын, тіпті өлтірілген итке жанашырлық таныту және азаптау конвейерінің астына түскен адамдарды аямау өте таңқаларлық. Және қорқынышты", -деп жазды.



Сонымен қатар Жанна Папина жеке парақшасында Алматы қаласының атауына байланысты да жазба қалдырған.

"Мен Алма-ата деймін. Оны дұрыстаудың қажеті жоқ, дұрысы менімен дос болмай-ақ қойыңдар",-деп жазды.

Мұны көрген желі қолданушылар: "Бұл әйел өзі бір түрлі екен","Алматы болып жазылады ғой","Масқара","Дені сау ма бұл әйелдің",-деп жазды.
Жанна Папина үнемі иттер және оларға зорлық көрсеткендер жайлы өте көп жазба жариялап, жануарлардың құқықтарын қорғап жүреді. Иттердің қорғаушысы атанып кеткен Папинаның әрбір жазбасы елдің назарына ілікпей қоймайды.  
 
Өлген иті үшін Президентке дейін жазған Папина, әкімдерді алдына келтірткен блогердің қандай құдыреті бар?