Өлген сиырлары үшін жарты миллион теңге өндіріп алды


Ауыл тұрғыны электр сымының үзілуі салдарынан токқа түсіп өлген үш сиырының өтемін осылай бағалады, деп  соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Коммуналдық кәсіпорын өкілдері электр желісі үзілген учаске кәсіпорынның балансына кірмейтін желеу етіп, соттан талап-арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұраған болатын.