Өлім аузында жатқан отандасымыз санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді


Әуежайдан түскен бойда Фархад Мұратбеков республикалық нейрохирургия ғылыми орталығына жатқызылды. Ес-түссіз жатқан науқастың денсаулығына тайландтық мамандар мүлдем көңіл бөлмепті. Бірақ бір күндік емі үшін 10 мың доллар алып отырған. Қазір отандық дәрігерлер Фархадтың өмірін аман алып қалу үшін барын салуда. Айта кетсек, Паттайя жағалауына тынығуға келген Фархат Мұратбеков 9-шы желтоқсанда қонақүйдің бассейіне шомылып жүріп суға тұншығып қалған болатын.