Олимпиада 2012: Қазақстанның су полосы бойынша құрама командасы соңғы ойында да жеңілді


Бұған дейін «А» тобында өнер көрсеткен біздің спортшылар Испания (4:6), Австралия (4:7), Греция (4:11) және Италия (6:9) құрамаларына есе жіберіп, бүгін осы топтың көшбасшысы Хорватия командасынан 4:12 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, жерлестеріміз бірде-бір рет жеңіске жете алмай, үйге қайтатын болды.