Олимпиада 2018: Жапониялық спортшы допингпен ұсталды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында жапониялық шорт-трекші Кэй Сайтоның рұқсат етілмеген дәруменді қолданғаны белгілі болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жапония Ұлттық Олимпиада комитеті 13 ақпан күні баспасөз жиынын өктізіп, бұл туралы ресми жарияламақшы.

Сайто уақытша жарыстардан шеттетілген. Спорттағы арбитраждық соттың (CAS) таратқан ақпаратына сүйенсек, онын сынамасынан диуретик табылған. Спортшы өз еркімен Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартып, Олимпиада қалашығынан кетіп қалған. Спортшыға уақытша жаза тағылған. Яғни ISU аясында өтетін жарыстарға ол қатыспайды.

Сайто Жапонияның 5000 метрге эстафеталық құраманың қосалқы спортшысы болған. Бұл жарыстың финалдық бәсекесі 22-ақпан күні өтеді. Ол Қысқы Олимпиада ойындарында допингпен ұсталған бірінші жапониялық спортшы екен.