Р. Рымбаевадан кейін эстафетаны Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сиюнь жалғастырады.
"Бүкіл бағыт бойында Алматы көшелерінде алау тасығыштарды қарсы алып қалалықтар тұр", - деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Бұрын хабарлағанымыздай, Олимпиада алауы эстафетасының екінші кезеңі Республика сарайынан бастау алып, Достық, Әл-Фараби, Фурманов, Сәтпаев көшесімен Республика алаңын кесіп өтіп, Желтоқсан, Абай, Достық, Қабанбай батыр, Абылай хан даңғылдарымен Астана алаңына дейін алып өтеді. Екінші кезең Астана алаңында мерекелік концертпен аяқталады.