Олимпиада әнұранын кім орындайтыны белгілі болды

Бұл туралы 2014 жылғы ойындардың ашылу салтанаты  сценарийлерінің  авторы Константин Эрнст мәлім етті.

« Бір құпияны ашқым келіп отыр. Олимпиада әнұранын опера жұлдызы Анна Нетребко орындайды. Бұл оның қолынан келеді деген сенімдеміз»,- деді Эрнст  бүгін, жұма күні өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Айта кеткен жөн, ашылу салтанаты 160 минутқа жалғасады. Оған 3000 жас әртіс пен 2700 ерікті  тартылады.