Олимпиада чемпиондарына мемлекет мәңгілік зейнетақы тағайындамақ


Оның қабылданатына күмән жоқ. Себебі сенаторлар құжатты қолдап отыр. Жаңа заңға сай, Олимпиада чемпиондары мен күміс, қола медаль алған  жүлдегерлерге ай сайын 45 мың теңгеден зейнетақы тағайындалмақ. Осындай сыйақы спортшылардың жаттықтырушылары мен паралимпиадада топ жарған мүгелдек спортшыларға да беріледі. Депутаттар алдында жаңа заң жобасын таныстырған Спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Тастанбек Есентаев мұндай қолдау әлемнің бір де бір мемлекетінде жоқ деп  мақтанды. Сондай-ақ ендігі жерде байрақты бәсекеден алтын алған спортшыға 3, күміске 2, ал қолаға 1 бөлмелі пәтер берілмек.